Дәрі-дәрмектің қымбатшылығына мобильді қосымша арқылы шағымдануға болады

0
107

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Үкімет отырысында мәлімдеді.


Дәрі-дәрмектің қымбатшылығына мобильді қосымша арқылы шағымдануға болады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар дәрі-дәрмек қымбатшылығына арнайы мобильді қосымшасы арқылы шағымдана алады, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов Үкімет отырысында мәлімдеді.

"Қазақтелеком" АҚ компаниясымен бірлесіп Naqty Onim (Нақты Өнім) мобильді қосымшасы арқылы дәрілік заттардың шекті бөлшек бағаларын көрсететін функционалы енгізілді. Енді, дәрі-дәрмектерді сату ережелері бұзылған жағдайда аталған мобильді қосымша арқылы министрлікке шағым түсіре алады, - деп атап өтті вице-министр.

Айтуынша, республикалық бюджет есебінен амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінетін қаржы жыл сайын артып келеді.

Бұл көрсеткіш 2020 жылдан 2025 жылға дейін 48%-ға өсіп, 115 млрд-тан 262 млрд теңгеге дейін жетті. Биыл 10 айда 3 млн пациент жалпы сомасы 219,7 млрд теңгеге тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілді. Халықты дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету және медициналық ұйымдардың қоймаларын уақытылы толықтыру мақсатында Бірыңғай дистрибьюторда жалпы сомасы 21 млрд теңге көлемінде тұрақтандыру қоры құрылды. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне енгізілген өзгерістерге тоқталсақ, мұнда тек қаржыландыру көзі ғана өзгерді, - деді Тимур Мұратов.