Damumed компаниясына 286 млн теңге айыппұл салынды

0
71

2023 жылы Damumed дерекқоры Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне берілген болатын.


Damumed компаниясына 286 млн теңге айыппұл салынды

фото: inbusiness.kz

ERNUR.KZ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Damumed компаниясының қызметінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу деректері анықталғанын мәлімдеді, деп жазады ulysmedia.kz.

Астана қаласы бойынша департамент «Даму» ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС-не қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады. Тексеру барысында компания «DAMUMED» кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне қол жеткізу және оны техникалық сүйемелдеу қызметтері үшін монополиялық жоғары баға белгілегені анықталды.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аталған серіктестікке 286 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Қазіргі уақытта айыппұл толық көлемде төленген.

Еске салайық, 2023 жылы Damumed дерекқоры Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне берілген болатын.