БҚО тұрғыны жасырын жылыжайда есірткі өсірген

0
155

Бәйтерек ауданының елді мекендерінің бірінде 49 жастағы ер адам өз үйінің ауласында есірткі өсімдіктерін өсіріп келген.


БҚО тұрғыны жасырын жылыжайда есірткі өсірген

Фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. БҚО-да есірткіні заңсыз өсіру фактісі анықталды, деп жазады inbusiness.kz.


“Қарасора – 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсіру фактісі анықталды.

Бәйтерек ауданының елді мекендерінің бірінде 49 жастағы ер адам өз үйінің ауласында есірткі өсімдіктерін өсіріп келген. Тінту кезінде оның ауласынан жалпы көлемі 450 шаршы метр болатын, көлеңке түсіретін тормен жабылған және автоматты суару жүйесімен жабдықталған жасырын жылыжай табылды.