БҚО-да бір үйір жылқы су астында мұз болып қатып қалды

0
143

Әлеуметтік желілерде ер адамның түсірген видеосы кеңінен тарап кетті.


БҚО-да бір үйір жылқы су астында мұз болып қатып қалды

Фото: «Мой город»

ERNUR.KZ. Бейнежазбада ол Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданына қарасты Киров ауылында қатты боран кезінде бір үйір жылқының жаппай қырылғанын айтады, деп жазады inbusiness.kz.

Кадрдан жылқылардың демалыс күндері болған күн райының күрт нашарлауынан су айдынында қалып қойғанын байқау қиын емес. Кейбір жылқы мұздың астында тірідей қатып қалса, енді бірі судан шыққанымен үсіп өлген.

Қазталов ауданы әкімдігі аталған жағдайға қатысты пікір берді.

– Қазіргі уақытта қырылған малдың саны мен келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Аудан әкімдігі тұрғындарды алдын ала ескертіп, малды қорада ұстауды ескерткен болатын. Десе де, тұрғындардың көпшілігі бұл талапты орындамаған. Боран кезінде кейбір мал басы ашық жайылымда қалған. Қазірше бұл малдың қай шаруа қожалығына тиесілі екенін анықтау мүмкін болмай отыр, – деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.