БҚО-да 5 бала көз жұмды: Қайғылы оқиға күні әкесі жұмыста, анасы дүкенде болған

0
178

Отбасы бір ай бұрын басқа үйге көшіп барған.


БҚО-да 5 бала көз жұмды: Қайғылы оқиға күні әкесі жұмыста, анасы дүкенде болған

Фото: Facebook/ Сырым елі

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев БҚО-дағы қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Өкінішке қарай, бес бала қайтыс болды. Әкесі жұмыста болған, анасы дүкенге шығып, есікті жауып кеткен. Балалары іште ойнады ма, не болғаны белгісіз, себебі кішкентай балалар. (...) Бір ай бұрын басқа үйде тұрған. Сол үйді өткізген, онда датчиктер болған. Бір ай бұрын басқа үйге көшіп кеткен. Ол үйде ешкім тұрмаған соң біздің қызметтер, әкімшілік қараған жоқ", – деді вице-министр Сенат кулуарында.

Күзде ТЖМ әкімдіктермен бірге өрт қауіпсіздігі жағынан арнайы тізімдегі отбасылардың үйлерін тексерген.

Сөзінше, әкімдіктер министрлікке көпбалалы, тұрмысы нашар отбасылардың тізімін беріп отырады.

"Бізге олар тізім береді. Өйткені біреулер шығып қалады, біреулер басқа аймаққа көшіп кетеді", – деді Кеген Тұрсынбаев.