Биыл Қостанай облысында 7 млн тонна астық жиналды

0
105

Қостанай облысында агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 207 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есе көп.


Биыл Қостанай облысында 7 млн тонна астық жиналды

ERNUR.KZ. Соның арқасында биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 924 млрд теңгені құрады, ал, жыл қорытындысы бойынша 1 трлн теңгеден асады. 7 млн тонна астық жиналды. Бұл жайлы өңір әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында айтты.

Мал шаруашылығы саласында облыста 7 өнеркәсіптік заманауи, цифрлық тауарлы-сүт фермасы пайдалануға берілді, 2026 жылы тағы 5 ферма іске қосылады.

«Осы жобаларды іске асыру арқылы ірі шаруашылықтарда сүт өндіруді 2 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы «Баян Сұлу» АҚ кәсіпорны «Кондитерлік Астана» фабрикасының құрылысын жүргізуде, инвестиция сомасы – 14,3 млрд теңге, 260 жұмыс орны ашылады. Жоба өнім ассортиментін 16,6 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында аграрлық сектордың терең өңдеу әлеуетін дамыту қажеттігін атап өткен. Облыста өндірілетін барлық нәрсені біз қайта өңдеуіміз керек», – деді спикер.

Өңірде қойылған міндеттерді орындау үшін астықты терең өңдеу бойынша 1 жоба іске асырылуда. Ол- «Qostanai Grain Industry», жоба құны – 71 млрд теңге, жобалық мүмкіндігі – 415 мың тонна, 650 жұмыс орны.