Білім беру гранттары әлеуметтік әділдік қағидаттарына сәйкес бөлінді

0
75

Барлық ұсынылған шаралар Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда.


Білім беру гранттары әлеуметтік әділдік қағидаттарына сәйкес бөлінді

ERNUR.KZ. ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында еліміздің жоғары білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер, яғни мемлекеттің экономика, қоғам және жастар тарапынан туындаған сұраныстарға қалай жауап беріп жатқаны және қандай жүйелі шешімдер жүзеге асырылып жатқаны туралы айтты.

Барлық ұсынылған шаралар Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Негізгі бағыттар 2029 жылға дейінгі ғылым және жоғары білім беруді дамытудың тұжырымдамасында анықталған.

«Тұжырымдамада жоғары оқу орындарын трансформациялаудың айқын бағыты белгіленген, яғни қарапайым білім беруден, экономиканың бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға көшу. Президент жүйесіз жекелеген өзгерістер емес, кешені реформалар қажеттігін ерекше атап өтті. 2029 жылға дейінгі тұжырымдама дәл осы қағидатқа негізделіп, жоғары білім жүйесіндегі өзгерістерді біртұтас логикаға біріктірді», – деді спикер.

2025 жылы мемлекет тарапынан 93 мың білім беру гранты бөлініп, оның 99%-дан астамы толық игерілді. Әлеуметтік және нысаналы қолдау тетіктері едәуір кеңейтілді: қандастарға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға және әскери борышын өтеп келген жастарға арналған гранттар енгізілді.

Мемлекет басшысы барлық бастамаларда ұзақ мерзімді стратегияның маңызын атап өтті. «Келешек» дәл осындай құрал, білімге қолжетімділіктің жаңа архитектурасы. Бүгінгі күні «Келешек» білім беру жүйесі аясында 92 мыңнан астам салым ашылған. Бұл қоғамның аталған модельге деген сенімін және оның әлеуметтік тұрғыдан өзектілігін көрсетеді. «Келешек» гранттарды алмастырмайды, ол отбасылар үшін білім алудың мүмкіндіктерін кеңейтеді.