Бесағашта бойжеткенге қырындап, интимдік қатынас ұсынған қария кісінің кім екені анықталды (ВИДЕО)

0
146

​Ер адамның арнайы медициналық есепте тұрғаны белгілі болды.


Бесағашта бойжеткенге қырындап, интимдік қатынас ұсынған қария кісінің кім екені анықталды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Бесағашта дүкеннің автотұрағында тұрған бойжеткенге тиісіп, интимдік қатынас ұсынған ер адамды полиция анықтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видео қыздың Threads желісіндегі парақшасында жарияланған. Оның айтуынша, MAGNUM дүкенінің маңында оған мас күйіндегі егде жастағы ер адам жақындап, әдепсіз сөздер айтып, интимдік қатынас ұсынған. Қыз мұндай таныстыққа қызықпайтынын білдіргенімен, ер адам әрекетін тоқтатпаған.

Жарияланған жазба Алматы қаласы Полиция департаментінің назарын аударған. Анықталғандай, ер адам Алматының Медеу ауданында тұрады.

«Полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі видеодан оның кім екенін жедел анықтап, бөлімге жеткізді. Ер адамның арнайы медициналық есепте тұрғаны белгілі болды. Осыған байланысты жедел жәрдем шақырылды», – деп хабарлады ведомство.

Соған қарамастан, ер адам өз әрекеті үшін жауап береді. Полиция оның заң аясында жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.