Батыс Қазақстанда мұз астына түсіп кеткен көліктен жүргізуші дер кезінде шығып үлгерді

0
50

112 пультіне Батыс Қазақстан облысы Октябрьское ауылында Шаған өзеннен өту кезінде жүк көлігі мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама түскен.


Батыс Қазақстанда мұз астына түсіп кеткен көліктен жүргізуші дер кезінде шығып үлгерді

фото: предоставлено КЧС МВД РК

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мұз астына түсіп кеткен жүк көлігін шығарды, деп жазады sputnik.kz.
112 пультіне Батыс Қазақстан облысы Октябрьское ауылында Шаған өзеннен өту кезінде жүк көлігі мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама түскен.
"Жүргізуші дер кезінде көліктен шығып үлгерді. Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті. Сүңгуірлер тобы арқанды бекітіп, жүк көлігін судан шығарды", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтарды жабдықталмаған өткелдер арқылы мұзға шықпауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.