Батыс Қазақстан облысында 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

0
68

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері баланың болуы мүмкін жерлерді тексеріп, іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.


Батыс Қазақстан облысында 13 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері мен еріктілер 13 жастағы жасөспірімді іздестіруде, деп жазады baq.kz.

28 желтоқсанда полицияға кәмелетке толмаған 05.01.2012 жылы туған Самиғолла Ельнар Қайырбекұлының сағат 09:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа кетіп, осы уақытқа дейін оралмағандығы жөнінде әкесінен хабарлама келіп түскен. Бұған дейін ол 2023 жылы бір рет үйінен кеткен.

Ерекше белгілері: бойы шамамен 170 см, дене бітімі арықтау, үстінде қара күрте, қара трико, қара қысқы етік, ұялы телефоны өзімен бірге болмаған. Іздеу шаралары барысында полиция өзге де қызметтермен бірлесіп жұмыс жүргізіп, баланың болуы мүмкін барлық жерлерді — жолдарды, іргелес аумақтарды, парктерді, скверлерді, компьютер және өзге де ойын клубтарын, сауда үйлері аумағын тексеруде, - деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері баланың болуы мүмкін жерлерді тексеріп, іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Іздестіру іс-шараларына полиция қызметкерлері, ТЖД қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және тұрғындар жұмылдырылған.

Егер сізде жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса немесе болуы мүмкін жерлерін білсеңіз полицияға 102 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.