"Батыс Еуропа – Батыс Қытай" көлік дәлізінің бойында заманауи қонақ үй ашылды

0
99

Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 1500-ге жуық жол бойындағы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді.


ERNUR.KZ. Жамбыл облысының Меркі ауданында халықаралық маңызы бар "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" көлік дәлізінің бойында алғашқы заманауи шағын қонақүй пайдалануға берілді, деп жазады sputnik.kz.

Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 1500-ге жуық жол бойындағы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді.

"Олардың қатарында жанармай құю стансалары, техникалық қызмет көрсету пункттері, шағын қонақүйлер, асханалар, мейманханалар, сондай-ақ электр көліктерін қуаттау стансалары бар. Қызмет сапасын арттыру мақсатында 150-ден астам жылы санитарлық-гигиеналық торап орнатылды", - деп жазылған хабарламада.

Жамбыл облысы аумағы арқылы өтетін халықаралық және республикалық маңызы бар күре жолдар ел экономикасының дамуына және транзиттік әлеуеттің артуына ықпал етіп отыр, дейді әкімдіктегілер.

Жалпы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" дәлізі Еуразия кеңістігін жалғайтын стратегиялық артерия саналады. Оның бойындағы әрбір сапалы сервис нүктесі – өңірге құйылған инвестиция, жергілікті кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндік және жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығына қосылған үлес.