«Басым қатты ауырып тұр»: Ертістен тура он күн бұрын жоғалып кеткен әйелдің сырт киімі табылды (ВИДЕО)

0
100

Төтенше жағдайлар департаменті іздеуді тоқтатқан жоқ.


«Басым қатты ауырып тұр»: Ертістен тура он күн бұрын жоғалып кеткен әйелдің сырт киімі табылды (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Павлодар облысында 10 күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 49 жастағы Марина Орлова әлі табылған жоқ. Күні кеше құтқарушылар оның сырт киімі мен жеке заттарын алып шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ертіктілердің айтуынша, ол жоғалып кетерінің алдында басы қатты ауырып тұрғанын айтқан.

Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция, сондай-ақ еріктілер іздеу жұмыстарын күні-түні тоқтатқан жоқ. Олар Ертіс өзенінің 50 шақырым тексеріп, әйелдің сырт киімі мен жеке заттарын тапқан.

«Құтқарушылар суға сегіз рет сүңгіп, жалпы көлемі 178 шақырым жерді жүзіп өткен», - деп хабарлайды ТЖД.