​Бастапқы әскери дайындық педагогтері біліктілік арттыру курсынан өтеді

0
105

Аталған дайындықты 1 500 бастапқы әскери дайындық мұғалімін қамти отырып, осы жылдың мамыр айында бастау жоспарланған.


​Бастапқы әскери дайындық педагогтері біліктілік арттыру курсынан өтеді

Фото: Қорғаныс министрлігі

ERNUR.KZ. Биыл мамырда бастапқы әскери дайындық педагогтері біліктілік арттыру курсынан өтеді. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның жауабында айтылған, деп жазады inform.kz.

- Қорғаныс министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен өзара іс-қимылды жолға қоя отырып, Қорғаныс министрлігіне бағынышты әскери оқу орындарының базасында, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедраларында бастапқы әскери дайындық мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу мәселесін пысықтап жатыр. Аталған дайындықты 1 500 бастапқы әскери дайындық мұғалімін қамти отырып, осы жылдың мамыр айында бастау жоспарланған, -деді вице-премьер.

Оның атап өтуінше, қорғаныс және қауіпсіздік саласының жетекші ғалымдарының, сонымен қатар әскери психологтардың қатысуымен 10-11 сыныптың және коллеждердің оқушылары мен студенттеріне арналған бастапқы әскери дайындық оқулығы әзірленіп жатыр.
- Жаңартылған оқулықта тікелей әскери дайындықтан бөлек, цифрлық симуляторларды пайдалану арқылы ұшқышсыз ұшу апараттарымен жұмыс істеуге үйретуді қоса алғанда әскери қызметке моральдық-психологиялық және физикалық дайындық мәселесі қарастырылады. Сонымен қатар бастапқы әскери двйындық мұғалімдері үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жатыр, - деді Аида Балаева.