Әкімдіктер сатып алатын пәтерлерді кредиттік баспана ретінде жеңілдетілген ипотекамен жеке меншікке сатып алуға болады.
фото: Пресс-служба правительства Казахстана
ERNUR.KZ. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов баспаналы болудың бірнеше жолын айтып берді, деп жазады sputnik.kz.
Бүгінде әкімдіктер құрылыс компанияларынан пәтерлерді төмен бағамен сатып алуға құқылы. Дәл осы пәтерлер жағдайы төмен азаматтарға жалға беріледі. Былтыр осы мақсатта 15 мың пәтер сатып алынған болатын. Биыл тағы 74 млрд теңге бөлінеді. Әкімдіктен жалдамалы пәтер алу үшін ай сайынғы табыстың көлемі белгілі бір деңгейден артық болмауы шарт.
Бұдан бөлек, әкімдіктер сатып алатын пәтерлерді кредиттік баспана ретінде жеңілдетілген ипотекамен жеке меншікке сатып алуға болады.
"Бізде бір шаршы метрі үшін 300-320 мың теңгеден сатылатын пәтерлер де бар. Оны жеке меншік құрылыс компаниялары салады. Нақты мысалды да айтайын, жақында ғана Қызылорда облысында бес қабатты үйлер кредиттік баспана ретінде сатылды. Бір шаршы метрі 280 мың теңгеге дейін болды. Бұның барлығы – дайын пәтерлер", - деді Қажкенов үкіметтегі брифингте.
Ал жеңілдетілген ипотека Отбасы банкі арқылы беріледі. Атап айтқанда, баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтар ипотеканың 2 процентпен рәсімдей алады. Алғашқы жарнасы жоқ азаматтарға 1,5 млн теңгеге дейін тұрғын үй сертификаттары да беріледі.
"Басқа адамдар 5 процентпен ипотека ала алады", - деді Қажкенов.
Вице-министр "70-20-25" пен "Наурыз" ипотекалық бағдарламалары арқылы баспана алуға болатынын да еске салды.


