Балқашта көпқабатты үйдің бір бөлігі құлады

0
105

Зардап шеккендер жоқ.


Балқашта көпқабатты үйдің бір бөлігі құлады

Фото: Балқаш қаласы әкімдігі

Бүгін таңертең Балқашта сағат 08:10-да Қараменде би көшесі, 10 мекенжайында орналасқан үйдің бір бөлігі опырылып, құлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұрын апатты деп танылған, тұрғындары жоқ, пайдаланылмайтын кіреберістің бір бөлігі құлаған.

Құлаған бұл кіреберісте ешкім тұрмаған. Зардап шеккендер жоқ.

2025 жылы аталған кіреберіс Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізілген техникалық қорытынды мен құрылыс сараптамасының негізінде апатты деп танылған. Пәтерлер тұруға жарамсыз деп танылғандықтан, 5-ші кіреберістің тұрғындары алдын ала көшірілді және заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қойылды, - деп хабарлады Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Құлау сәтінде қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ғимарат қоршалған, кіруге шектеу қойылған, инженерлік коммуникациялар (электр, жылу, сумен жабдықтау) белгіленген тәртіппен ажыратылған.

Қазіргі уақытта 5-ші кіреберісті құрылыс және өндірістік қауіпсіздік нормаларының талаптарын сақтай отырып бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде.

Әкімдіктің хабарлауынша, бөлшектеу аяқталғаннан кейін қалған 4 кіреберіске қосымша техникалық тексеру және құрылыс сараптамасы жүргізіледі.

Болашақта қалған кіреберістердің конструкцияларын нығайту жұмыстарын белгіленген тәртіппен жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді.