Бали жағалауында суға батқан паром ішінде қазақстандықтар болмаған

0
127

Паромда барлығы 65 адам отырған.


Бали жағалауында суға батқан паром ішінде қазақстандықтар болмаған

Фото: Амур.инфо

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі Бали маңында болған жолаушылар паромының апатына қатысты түсінік берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Алдын ала ақпарат бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Бали жағалауында адамдар мінген паром суға кеткенін жазғанбыз. Паромда барлығы 53 жолаушы және 12 экипаж мүшесі болған. Олардың ішінде 4 адам қаза тапты, ал 23-і құтқарылды. Тағы 38 адам хабар-ошарсыз кетті.