Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуына орай видеоүндеу жолдады.
Фото: Роскосмос
ERNUR.KZ. «Байқоңыр» кешенінің 69 автокөлік құралын жалға беруден шығару мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына П ремьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған, деп жазады inform.kz.
- Бүгінде уәкілетті органдар «Байқоңыр» кешенінің 69 бірлік көлемінде автокөлік құралдарын жалға беруден шығару мәселесін пысықтап жатқанын хабарлаймыз. Осы көлік құралдарын тіркеу қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады, - деді Премьер-Министр жауабында.
Үкімет басшысының атап өтуінше, 2018 жылы «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру жөніндегі жобаны іске асыру үшін «Зенит-М» зымыран кешенінің нысандары Ресей Федерациясы жалға алған құрамнан шығарылып, Қазақстан тарабына қайтарылды. Сол кезден бері кешеннің мақсаты бойынша жұмысқа жарамды күйде әрі қолдануға әзір болуы үшін оны «Ғарыш инфрақұрылымын пайдалануды сақтауды және кеңейтуді қамтамасыз ету» 010 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыру жүргізіліп келеді.
- Биыл «Зенит-М» ҒЗК жерүсті ғарыш инфрақұрылымы нысандарын күтіп ұстау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындау үшін 937,6 млн теңге бөлінді. 155 инженерді жалдау үшін 590 млн теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыру 2025 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау аясында пысықталады, - деді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуына орай видеоүндеу жолдады.