"Ажырасып кеткен": Атыраудағы қанды қылмысқа қатысты тың дерек шықты

0
144

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін аймаққа арнайы барған журналист Жанат Молдашова Instagram парақшасында назар аударарлық дерекпен бөлісті.


ERNUR.KZ. Атырау облысындағы елді дүр сілкіндірген қанды оқиғаға байланысты көпшілікке беймәлім болған жайттар анықталып жатыр. Іздеуде жүрген күдіктіге қатысты бұған дейін айтылмаған жаңа мәліметтер жария етілді, деп жазады baq.kz.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін аймаққа арнайы барған журналист Жанат Молдашова Instagram парақшасында назар аударарлық дерекпен бөлісті. Оның айтуынша, Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиев ресми түрде ажырасқан және заңды некеде болмаған.

Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиев бұрыннан ажырасып кеткен. Заңды түрде ерлі-зайыпты саналмайды. Осы тұста тағы бір маңызды сұрақ туындайды: ажырасқан жұптың бірі, яғни бұрынғы әйелі бірінші топтағы мүгедек, психиатриялық диспансерде есепте тұрса, олар шетелге қалай шыққан? – деп жазды журналист.

Бұл дерек аталған оқиғаға қатысты сұрақтардың одан әрі көбеюіне себеп болып отыр.