Полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың мазасын алатын кез келген әрекет ел заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Бейнеден алынған кадр
ERNUR.KZ. Астанада қалалық аялдамалардың бірінде қоғамдық тәртіпті бұзған қыз жауапқа тартылды. Мән-жайды елордалық полиция мәлім етті, деп жазады tengrinews.kz.
Видео
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қызметкерлер елордадағы аялдама павильондарының бірінде қоғамдық тәртіп бұзылғанын анықтады.
Бейнежазба кадрларында қыздың автоматқа ұқсас затты жан-жаққа көздеп тұрғаны көрінеді. Кейінірек оның ойыншық екені белгілі болды.
Жаза
Полицейлер мәліметінше, қыз ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"Оның қолында ойыншық автомат болғаны анықталды. Сот шешімімен оған 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды", - деп нақтылады полициядағылар.
Полицейлер қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың мазасын алатын кез келген әрекет ел заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.


