Атырауда зиратты қорлады деген күдікпен мектеп оқушылары ұсталды

0
248

Тергеу олардың заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр.


Атырауда зиратты қорлады деген күдікпен мектеп оқушылары ұсталды

Фото: КТК телеарнасынан скрин
ERNUR.KZ. Атырау облысында Еркінқала маңындағы зиратты бүлдірген үш жасөспірім ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, олар полиция бөліміне жеткізілді, деп жазады Stan.kz.

Атырау облысында Еркінқала ауылының маңындағы зиратқа жасалған вандализм фактісі бойынша полицейлер дереу сотқа дейінгі тергеу бастады. Марқұм туысының қабіріне келген тұрғын сынған құлпытастарды, қираған қоршауларды және жерге қадап кеткен металл айшықтарды көріп, полицияға хабарлаған.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар кәмелетке толмаған үш жасөспірім. Тергеу олардың заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр.

"Қазір көзделген барлық тергеу әрекеттері орындалып жатыр. Жасөспірімдер ішкі істер органдарының есебіне қойылады, ал іс материалдары кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберіледі. Тергеу барысында олардың ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесі де қаралады", – деп хабарлады полиция