​Атырауда жоғалған отбасының қызы мен күйеубаласы шетел асып кеткен

0
133

4 азаматтың нөмірі Шымкент қаласында қосылған.


​Атырауда жоғалған отбасының қызы мен күйеубаласы шетел асып кеткен

Фото: Атырау облыстық ПД

ERNUR.KZ. Атырау облысы Қызылқоға ауданында жоғалған отбасы мүшелерінің есепшоттары уақытша бұғатталады. Бұл туралы Атырау облыстық ПД бастығының орынбасары Құттыбай Садықов мәлімдеді, деп жазады inform.kz.

ПД мәліметінше, іздестіру жұмысы тек Атырауда ғана емес, Қазақстан бойынша ұйымдастырылды. Ел аумағындағы түрлі емделу орындары тексеріліп жатыр. 4 азаматтың нөмірі Шымкент қаласында қосылған. Сол аумақтарда іздеу жұмысы жалғасып жатыр. Полицейлердің сөзінше, олар Өзбекстанға кетпек болған. Алайда шекарадан өтпеген.

–Отбасы мүшесі, сол үйдің баласы Наурыз Мұқанғалиев туысымен мессенджер арқылы сөйлескен. Сол кезде «ата-анамды емдетіп жатырмын, уайымдамаңыздар, 10 желтоқсан ға дейін ем-дом алады» деген. Жоғалған азаматтың бәрі – Қызылқоға ауданының тұрғындары. Жағдайлары – орташа деңгейде. Бәріне ай сайын зейнетақы түседі. Қаржылық мәселе жоқ деп есептеймін. Оларды ешкім бопсаламаған. Тағы бір айта кететін жәйт, бұл отбасы жайлы, тыныш болған.М ал бағып, зейнетақы алып, күн көріп отырған қарапайым азаматтар, - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Құттыбай Садықов.
ПД бұл төрт адамнан бөлек сол үйдің қызы мен күйеу баласының Өзбекстанға, одан кейін басқа елге кеткенін анықтады. Әзірге бұл ерлі-зайыптының жақындары олардың жоғалу дерегі бойынша полицейлерге арызданбаған. Жоғалған отбасының күйеубаласы өзінің туған анасына әйелін емдеуге алып кеткені туралы айтқан. Екеуінің 5 баласы қазір Махамбет ауданында анасының қарауында қалған.
Полиция департаменті қазіргі уақытта төрт азаматтың жоғалғаны туралы істі ҚР Қылмыстық кодексінің адам өлтіру бабы бойынша тергеп жатыр.
4 азамат пен сол үйдің тағы бір қызы мен күйеу баласының жоғалу фактісінің бір-біріне байланысы бойынша ПД өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес ақпарат айтпады.
Құқық қорғау өкілдері жоғалған азаматтар деструктивті дін өкілдері еместігін мәлімдеді.
Айта кетейік, жоғалған отбасыны іздестіру жұмысы өткен жылдың 25 желтоқсанында басталды. Өйткені олардың туысынан арыз сол күні түскен.