Атырауда қоқыс толы, іріп-шіріген пәтерден кішкентай бала табылды (ВИДЕО)

0
88

Баланы полиция тиісті мамандарға тапсырған


Атырауда қоқыс толы, іріп-шіріген пәтерден кішкентай бала табылды (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Атырауда СЭС қызметкерлері қоқысқа толы пәтерде тұрып жатқан отбасын тауып алды. Желіде адамтүршігерлік кадрлар жария болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Привокзальный ықшам ауданында орналасқан үйдің тұрғындары бірнеше рет сасық иіске, антисанитариялық жағдайға шағымданған. Лас пәтерді көруге келген мамандар қатты таңғалып, эмоциясын жасыра алмады. Қабырғасы көгерген, кіре берістен бастап қалдықтарға бөккен үйде кішкентай баланың да бары анықталды.


Полиция отбасын алып шықты, баланы әлеуметтік қызметтердің қарауына берді. Мамандардың айтуынша, үй иесі «Плюшкин синдромына» шалдыққан болуы мүмкін.