Атырау облысында қаза тапқан ерлі-зайыптының балаларын іздеу тоқтатылды

0
88

Жангелді ауылында Наурыз бен Мейрамгүлді іздеуге бағытталған іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды.


Атырау облысында қаза тапқан ерлі-зайыптының балаларын іздеу тоқтатылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық Полиция департаментінің ресми сұрауы бойынша құтқару бөлімшелері тартылған және елді-мекен аумағы толық тексерілген.

"Полиция белгілеген барлық учаске толық тексерілді. Қазір полиция департаментінен іздестіруді жалғастыруға қатысты жаңа тапсырмалар немесе бағыттамалар түскен жоқ", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.