Атырау облысында бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды

0
86

​Ол 14 желтоқсан күні жоғалып кеткен.


Атырау облысында бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды

Фото: instagram / assylay_uza

ERNUR.KZ. Атырау облысында 14 желтоқсаннан бері хабар-ошарсыз кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1964 жылы туған азаматтың денесі Жылыой ауданындағы қамысты алқаптан табылған.

«Аталған азамат 15 желтоқсан күні іздеуге берілген болатын. Қазіргі уақытта тиісті тексеру шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады полиция өкілдері.