Каспий итбалығы популяциясын сақтау мақсатында 2024 жылдың қазан айында аумағы 108,6 мың га болатын «Каспий итбалығы» табиғи резерваты құрылды.
Спикердің айтуынша, Жаңаталап учаскесінде бюджеттен тыс қаражат есебінен алғашқы кезектегі нысандардың құрылысы аяқталып, екінші кезектегі нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
«Еркінқала учаскесін жаңғырту үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы қажет. Бүгінде бұл мәселе бойынша қажетті жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді ол.
Комитет заңсыз балық аулауға жол бермеу және балық өнімдерінің көлеңкелі айналымын азайту бойынша да тиісті шараларды қабылдауда.
«2024 жылдың бірінші жартысында пилоттық режимде балық және басқа да су жануарларына мониторинг жүргізетін Е-fish ақпараттық жүйесі енгізілді. Ол Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің (E-лицензиялау), Қаржы министрлігінің (Кеден – Астана-1), Бас прокуратураның (ӘҚБР, ТСОБР) рұқсат құжаттарын беретін жүйелерімен интеграцияланған. Бұл шара заңсыз ауланған балық пен балық өнімдерінің айналымына жол бермеуге бағытталған. Бүгінде Е-fish ақпараттық жүйесінде балық шаруашылығының 1 157 субъектісі тіркелген. Сондай-ақ БАБЖ және Е-fish жүйелерін интеграциялау жұмыстары аяқталды. Бұл балық аулау квотасының асып кету фактілері болған жағдайда ветеринарлық құжаттарды беруді бұғаттауға мүмкіндік берді», – деп түсіндірді Серік Сермағамбетов.
Жергілікті маңызы бар резервтік балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстарын қорғауды күшейту мақсатында 11 облыста әкімдіктер жанынан арнайы ұйымдар құрылды.
Сонымен қатар салада цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Балық аулау құралдарын қолдануға бақылауды күшейту мақсатында аулау құралдарын QR-код жапсырмаларымен таңбалау тетігін енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл қолданылатын құралдарды сәйкестендіруге және тыйым салынған аулау әдістерін жедел анықтауға мүмкіндік береді.


