Астанадан Омбыға әуе рейстері уақытша тоқтатылды

0
230

Әуе рейстері 31 тамызға дейін тоқтатылып отыр.


Астанадан Омбыға әуе рейстері уақытша тоқтатылды

фото: VietJet Qazqstan

ERNUR.KZ. VIETJET QAZAQSTAN компаниясы "Астана – Омбы – Астана" бағыты бойынша әуе рейстерінің уақытша тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
"Омбы қаласы маңындағы әуе кеңістігін пайдалануға енгізілген кезеңдік шектеулерге және рейстердің қауіпсіз әрі тұрақты орындалуын қамтамасыз ету мүмкін болмауына байланысты VIETJET QAZAQSTAN Астана – Омбы – Астана бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатады", - делінген ресми хабарламада.
Әуе рейстері 31 тамызға дейін тоқтатылып отыр. Ал билетке брон жасаған жолаушылар ақшаны толығымен қайтар алады.
"Билет VIETJET QAZAQSTAN сайтынан сатып алынған болса, әуе компаниясының байланыс орталығына, ал турагенттік немесе онлайн-агенттік арқылы сатып алған жағдайда олардың өздеріне хабарласу қажет", - дейді компания мамандары.