Астанадағы автобус апаты: зардап шеккен қыз оқуын үйден жалғастыратын болды

0
117

Ғани Бейсембаев қолданыстағы заңнамаға сәйкес бала үйде оқытылуы тиіс екенін атап өтті.


Астанадағы автобус апаты: зардап шеккен қыз оқуын үйден жалғастыратын болды

Фото: primeminister.kz

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 30 маусымда Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет мінберінде Астанадағы автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға педагогтер тарапынан қандай көмек көрсетілетіні туралы айтып берді, деп жазады zakon.kz.

Ғани Бейсембаев қолданыстағы заңнамаға сәйкес бала үйде оқытылуы тиіс екенін атап өтті.

"Реабилитациядан кейін мектепте оқуын жалғастыру мәселесін қарастыруға болады деп ойлаймын. Бұл – ұзақ процесс. Өйткені бұл қайғылы жағдай жақында ғана болды, сондықтан нақты не болатынын айту ертерек. Бірақ бірінші кезекте біз баланың психикалық және физикалық саулығын ойлауымыз керек, содан кейін ғана оның академиялық білімін толықтыруға көмектесуіміз қажет", – деді министр.

Астанада 2025 жылғы 2 маусымда кешкі уақытта ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жолаушылармен бірге бағыт бойынша келе жатып, маневр жасау кезінде тізгінге ие бола алмай, ақпараттық тақтаның тірегіне соғылған. Оқиға салдарынан 10 адам зардап шекті, полиция қылмыстық іс қозғады. 3 маусымда бір науқастың аяғы кесілгені белгілі болды.