Астанада жасөспірім көлікпен мектеп аумағына кіріп, төбелес шығарған - видео

0
159

17 жастағы жасөспірім автокөлікпен елордадағы оқу орнының аумағына заңсыз кіріп кеткен.


Астанада жасөспірім көлікпен мектеп аумағына кіріп, төбелес шығарған - видео

Бейнеден кадр

ERNUR.KZ. Астанадағы мектептердің бірінің аумағындағы жанжал видеоға түсіп қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Не болды?

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 17 жастағы жасөспірім автокөлікпен елордадағы оқу орнының аумағына заңсыз кіріп кеткен.

Өзіне жасалған ескертуге ол агрессивті жауап қайтарып, соңы жанжал мен төбелеске ұласқан.

Толығырақ

Полиция ақпаратынша, тексеру нәтижесі бойынша оқиғаға қатысушылардың барлығы жауапкершілікке тартылған. Сот шешімімен кәмелетке толмаған бала мен мектеп қызметкері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланды. Сондай-ақ автокөлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жазаға тартылды.

Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасын бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

"Профилактикалық шаралар қабылдау үшін материалдар оның тұрғылықты жері бойынша жіберілді", – делінген хабарламада.

Полиция мұндай жағдайларға принципті құқықтық баға берілетінін атап өтті, өйткені әңгіме балалар жүретін орындардағы қауіпсіздік туралы болып отыр.