32 жастағы азаматтан әртүрлі маркадағы 4 мыңнан астам пиротехникалық бұйым тәркіленген.
фото видеодан скринделген
ERNUR.KZ. Шымкент қаласында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген рейд барысында заңсыз пиротехникалық бұйымдарды сақтау және сату дерегі анықталды.
Тексеру кезінде 32 жастағы азаматтан әртүрлі маркадағы 4 мыңнан астам пиротехникалық бұйым тәркіленді.
«Аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, іс материалдары сотқа жолданды.»
Полиция ескертеді: Заңсыз пиротехникалық бұйымдарды сақтау, сату және пайдалану азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Мұндай әрекеттер үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделген.


