Түрлі конфессиялардың өкілдері бір мезгілде ең қанды соғыстың құрбандарын еске алды.
Sputnik / Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Астанадағы мешіттер мен шіркеулерде Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендердің рухына дұға бағышталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мешіттер мен шіркеулерде соғыстың басталған күніне орай дұға оқылды.
Ресей және Беларусьтың Қазақстандағы елшілері Астанадағы Қасиетті Успен соборындағы ғибадатқа қатысты.
"27 миллион адам: орыстар, украиндар, беларустар, қазақтар және басқа ұлт өкілдері қаза болды. Біз олардың рухына тағзым етеміз, ерліктері үшін алғыс айтамыз", - деді Ресей елшісі Алексей Бородавкин.
Беларусь елшісі Алексей Богданов қаза болғандарды еске алу үшін ғана емес, бейбітшілік үшін және соғыстың қайталанбауы үшін де дұға жасалғанын атап өтті.