Астанада СОБР қызметкерлері соққыға жығылған: аталған оқиғаның мән-жайы белгілі болды

0
181

Көшеде бір топ жігіт қызметкерлерді ұрып-соғып, BMW-ға мініп қашып кеткен.


Астанада СОБР қызметкерлері соққыға жығылған: аталған оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

ERNUR.KZ. 2025 жылдың басында Астанада жедел әрекет ету арнайы жасағы қызметкерінің соққыға жығылғаны белгілі болды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болғанымен, полиция оған қатысты мәліметпен бөліспеді. Бұл оқиғаның егжей-тегжейі сот үкімі шыққанда белгілі болды, деп жазады zakon.kz.

Аталған оқиғаға қатысты істі қараған Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бүгін үкім шығарды. Үш адам өз қызметтік міндеттерін жүзеге асыруы кезінде билік өкілдерінің денсаулығына зиян келтіргені үшін айыпты деп танылып, жазаға кесілді.

"2025 жылғы 21 қаңтарда сағат 14.00 шамасында сотталушылар Т.А., Ж.Т., Х.С. жедел уәкіл С.М.-мен бірге жедел уәкілдің жеке заттарын тасымалдауға көмек көрсету үшін Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасының ғимаратына келген. Алайда, полиция ғимаратына кіре берісте олар мен жәбірленушілер арасында жанжалды жағдай орын алған, сотталушылар алдын ала сөз байласу арқылы қызметтік міндеттерін атқару кезінде полиция қызметкерлерінің атынан билік қызметкерлеріне қатысты күш көрсеткен", делінген сот хабарламасында.

Нәтижесінде жәбірленуші Е.Д.-ге орташа дәрежедегі, жәбірленуші С.Н.-ге жеңіл дәрежедегі дене жарақаты келтірілген.

Прокурор сотталушылардың әрқайсысына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілердің сотталушыларға шағымдары жоқ. Сотталушылар кінәні ішінара мойындады және жәбірленушілермен татуласуға байланысты бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

"Сот үкімімен Т.А., Х.С. және Т.Ж. ҚК 380-бабы 4-бөлігінің 1,3) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды".Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

2025 жылы 22 қаңтарда Астана қалалық полициясының жедел әрекет ету арнайы жасағының (СОБР) қызметкерлеріне жасалған шабуылға қатысты тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды. Көшеде бір топ жігіт қызметкерлерді ұрып-соғып, BMW-ға мініп қашып кеткені хабарланған.