Астанада ойнап жүрген бала тоққа түсті

0
129

Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Астанада ойнап жүрген бала тоққа түсті

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Астанада балалар алаңының маңындағы жоғары кернеулі кабельден тоқ соғып, бала ауыр жарақат алды. Тұрғындар қауіпті жағдай туралы бұған дейін бірнеше рет ескерткенін айтады, деп жазады stan.kz.

Астанада бала балалар алаңында тоқ соғып, жансақтау бөліміне түсті. Оқиға А105 көшесіндегі №11 үйдің ауласында болған. Сол жерде жоғары кернеулі электр кабелі өтеді. Тұрғындардың айтуынша, олар қауіпті учаскені қауіпсіздендіруді бұған дейін бірнеше рет сұраған.

Жоғары кернеулі кабель балалар алаңына жақын орналасқан. Тұрғындардың сөзінше, мәселе бұрыннан бар. Бұған дейін "Галамат" құрылыс компаниясы тұрғындардың шағымынан кейін кабельдің үстін топырақпен жапқан. Алайда бұл қауіпсіздік мәселесін толық шешпеген. Оқиғаға дейін кабель қайтадан ұшқындаған. Кейін бала тоқ соғып, зардап шекті.

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баланың №2 қалалық балалар ауруханасында жатқанын хабарлады.
"Бала жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр. Қажетті қарқынды терапия жүргізіліп, барлық медициналық көмек беріліп жатыр", – деп хабарлады дәрігерлер.

Астана әкімдігі бұған дейін "Галамат" құрылыс компаниясына аталған кабельді тиісті түрде көміп, орналастыру бойынша ескерту жасалғанын мәлімдеді.

"Биыл шілде айының соңында құрылыс ұйымының өкілдерімен бірге аумаққа тексеру жүргізілді. Соған байланысты компания өкілдеріне осы кабельге қатысты анықталған бұзушылықты жою қажет екені тағы да ескертілді. Сонымен қатар құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты басқа да ескертулер айтылды", – деді әкімдік.

Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әкімдіктің мәліметінше, кабель электр желісінен ажыратылып, қауіпсіз түрде көміліп тасталған.