Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды

0
137

Таблода нақты уақыт режимінде сайлауға дейін қалған күн саны көрсетіліп, елорда тұрғындары мен қонақтарына алдағы маңызды саяси науқан туралы еске салып тұрады.


Астанада Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ іске қосылды

фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында көрсетіледі, деп жазады baq.kz.

Астанада 23 тамыз күні өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына дейінгі кері санақ елорданың бірқатар нысанында іске қосылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дауыс беру күніне дейін 31 күн қалды. Кері санақ көрсеткіші шолу дөңгелегі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орнатылды.

Таблода нақты уақыт режимінде сайлауға дейін қалған күн саны көрсетіліп, елорда тұрғындары мен қонақтарына алдағы маңызды саяси науқан туралы еске салып тұрады.