Зардап шеккен 4 адам мен 1 баланың жағдайы белгілі болды.
фото: baq.kz.
ERNUR.KZ. 31 мамырда Астананың Сарайшық ауданындағы Қасым Аманжолов көшесінің бойында автокөлік өртеніп, салдарынан бірнеше адам зардап шеккен болатын. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жарақаттанғандардың жағдайы туралы айтты, деп жазады baq.kz.
№1 көпбейінді қалалық ауруханаға және №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына 4 ересек адам мен 1 бала жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр, тұрақты деп бағалануда. Пациенттерге қажетті медициналық көмектің барлық көлемі көрсетіліп жатыр, - деп хабарлады ДСБ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін елордалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көлікте газ-ауа қоспасының жарылысы болғанын, содан кейін автокөлік отқа оранғанын хабарлаған. Оқиға салдарынан жақын маңда тұрған бірнеше көлік те зақымданған.


