Астанада қауіпті вирусқа қарсы екпе салынып жатыр

0
90

Папиломма вирусына қарсы екпе қазір әлемнің 194 елінде, соның ішінде көршілес Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанда да қолданылады.


Астанада қауіпті вирусқа қарсы екпе салынып жатыр

ERNUR.KZ. Астана қаласында жатыр мойны обыры дамуының негізгі қауіп факторларының бірі саналатын адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияның екінші кезеңі өтіп жатыр, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айгүл Шағалтаева мәлімдеді.

Айта кетерлігі, екпе науқаны биыл сәуір айында басталған болатын.

8 қыркүйектегі жағдай бойынша 11-13 жас аралығындағы 9 575 қыз "Гардасил" вакцинасының бір дозасын алды. Оның ішінде көктемде басталған екінші кезеңде 5 229 жасөспірімге екпе салынды. АПВ-ға қарсы вакцинация – онкологиялық аурулардың алдын алудың тиімді жолы. Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі халықаралық деңгейдегі клиникалық зерттеулермен дәлелденген, - деп атап өтті елорданың бас санитар дәрігері.

Папиломма вирусына қарсы екпе қазір әлемнің 194 елінде, соның ішінде көршілес Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанда да қолданылады.

Мамандардың мәліметінше, бірқатар елдерде белсенді иммундау бағдарламаларының арқасында әйелдер арасында АПВ таралуы 90 пайызға дейін төмендеген.

Қорғану екпеден басталады. Бүгін балаларымыздың денсаулығын қорғасақ, ертең олардың өмірі сау әрі жарқын болмақ, – дейді ведомство басшысы.