Астанада дрифт жасаған қар тазалайтын техника видеоға түсіп қалды

0
83

Сондай-ақ, демалыс күндері полиция қызметкерлері жолда дрифт жасаған 26 жүргізушіні анықтаған.


Астанада дрифт жасаған қар тазалайтын техника видеоға түсіп қалды

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Астанадағы автотұрақтардың бірінде түсірілген видео желіде пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.

Кадрлардан қар тазалайтын техниканың автотұрақта дрифт жасап, айналасындағылардың назарын аударғанын көруге болады.


Астана Полиция департаменті мәліметінше, қар тазалайтын автокөліктің жүргізушісі маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Сонымен қатар, құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп қосты ПД өкілдері.

Сондай-ақ, демалыс күндері полиция қызметкерлері жолда дрифт жасаған 26 жүргізушіні анықтаған.

"Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, жалпы пайдаланудағы жолдарда дрифтке және басқа да қасақана маневрлерге тыйым салынғанын еске саламыз. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады", - делінген полиция хабарламасында.