Ол былтыр желтоқсанның ортасында із-түссіз кеткен еді.
Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz
ERNUR.KZ. 2025 жылдың 14 желтоқсаны күні Астананың қақ ортасындағы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған 46 жастағы Ержан Махамбетовтің мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл туралы Lider ұйымының еріктілері мәлім етті. Еріктілер ер адамның мәйіті қайдан және қашан табылғанын нақтылаған жоқ. Ер адам 14 желтоқсан күні таңғы сағат 10:00-де Бұқар-Жырау кқшесінің бойындағы үйінен шығып, қайтып оралмаған.


