ШЫҰ саммиті 3-4 шілдеде өтеді.
ERNUR.KZ.  Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізуге орай 3 және 4 шілдеде Астанадағы балабақшалар жабылады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Елордалық білім басқармасының хабарлауынша, Қазақстанның Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді.
ШЫҰ саммиті Астанада 3-4 шілдеде өтеді.
Онда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
