Астанада азаматтық некедегі әйелін өлтірген ер адам 25-қабаттан секіріп кетіп, тірі қалды

0
120

Полиция оны ауруханаға апарған.


Астанада азаматтық некедегі әйелін өлтірген ер адам 25-қабаттан секіріп кетіп, тірі қалды

Фото: t.me/astanovka98

ERNUR.KZ. Астанада жантүршігерлік қылмыс орын алды: қала тұрғыны азаматтық некедегі әйелін пышақтап өлтірген. Артынша өзі 25-қабаттан секіріп кетіп, тірі қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Астана қаласының полиция департаменті берген мәліметке сүйенсек, заңды некеде тұрмаған ерлі-зайыптылар ұрсысып қалған. Күйеуі әйелін пышақтап өлтірген соң өзі суицид жасамақшы болған.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, азаматтық некеде тұратын ер мен әйел арасында жанжал туындап, сол кезде ер адам әйелге пышақ жарақатын салған. Кейін ер адам тұрғын үйдің 25-қабатынан секіріп кеткен», - деп хабарлайды Астананың полиция департаменті.

Ауыр жараланған ер адам тірі, қазір ауруханада. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Әлеуметтік желіде марқұм әйелдің артында екі баласы қалғаны хабарланып отыр.