Өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға сыртта жүрген кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі қажет.
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" болжамынша, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау, Ақтөбе және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Олар атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал етеді.
Мұндай жағдайда тұрғындарға ашық ауада, әсіресе автожолдардың немесе басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмегені жөн. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға сыртта жүрген кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі қажет.


