Астана дәрігерлері алғаш рет ашық жүрекке операция жасады

0
334

Жаңа кардиохирургиялық бөлімше ресми түрде іске қосылды.


Астана дәрігерлері алғаш рет ашық жүрекке операция жасады

Фото: depositphotos.com

ERNUR.KZ. Астанадағы №1 көпбейінді қалалық ауруханада ашық жүрекке алғашқы операция сәтті жасалды. Бұл Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар жаңа кардиохирургиялық бөлімшенің ресми түрде іске қосылғанын білдіреді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Жаңа бөлімше қандай қызметтер көрсетеді?

Бөлімше арқылы елорда тұрғындары мен басқа өңірлерден келген пациенттер мынадай жоғары технологиялы операцияларды ала алады:

  • Коронарлық артерияны шунттау
  • Жүрек қақпақшасының туа біткен және жүре пайда болған ақауларына реконструктивті және протездеу операциялары
  • Инфекциялық эндокардитті заманауи әдістермен емдеу
  • ЖІА және жіті коронарлық синдром кезіндегі күрделі араласулар

Ашылған орталықтың стратегиялық маңызы қандай?

Қазіргі кезде республикалық орталықтарда жүктеме жоғары. Сондықтан бұл жаңа бөлімше – уақыт талабынан туған қажеттілік. Ол өмірлік маңызды медициналық көмектің дер кезінде көрсетілуіне сеп болмақ.

«Жаңа орталық ЖІА мен жүрек қақпақшасы ақауларына байланысты өлім-жітімді азайтуға ықпал етеді», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Контекст

Қазақстанда жүрек-қан тамырлары аурулары өлім мен мүгедектіктің негізгі себебі саналады. Сондықтан кардиохирургия саласын дамыту – мемлекет үшін басым бағыттардың бірі.