Астана әуежайында рейстер жаппай кешігуде

0
127

Рейстердің кешігуіне көктайғақ пен жаңбыр әсер етіп, ұшуларды орындау қиындаған.


Астана әуежайында рейстер жаппай кешігуде

ERNUR.KZ. Астана әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты әуе рейстерінің кешігуі тіркелді, деп жазады baq.kz.

Әуежайдың баспасөз қызметі мәлім еткендей, рейстердің кешігуіне көктайғақ пен жаңбыр әсер етіп, ұшуларды орындау қиындаған.

Жолаушылардың назарына! Әуежайда күрделі метеорологиялық жағдай қалыптасты. Көктайғақ болып, жаңбыр жауып тұр. Әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдауда. Жолаушылардан онлайн-таблоны, әуе компанияларының ресми ақпаратын және терминалдағы хабарландыруларды қадағалап отыруды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз, - деп жазылған хабарламада.

Рейстер бойынша қазіргі жағдай:

Ұшып келуге:
• Кешіктірілгені — 11 рейс
• Тоқтатылғаны — 1 рейс (ауа райы жағдайына байланысты)

Ұшуға:
• Кешіктірілгені — 4 рейс

Кідірістердің негізгі себебі — қолайсыз ауа райына байланысты әуе кемелерінің кешігіп келуі.