​Аралық қорытындылар: 90 мың адам қаңтар ҰБТ-сын тапсырды

0
93

Тестілеуге қатысуға 187 мыңға жуық өтініш келіп түсті.


​Аралық қорытындылар: 90 мың адам қаңтар ҰБТ-сын тапсырды

ERNUR.KZ. 2026 жылғы қаңтар ҰБТ-сы басталғаннан бері 90 мыңға жуық адам өтті. Талапкерлердің 72%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28%-ы орыс тілінде және 71 адам ағылшын тілінде тапсырды. Екі аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 65%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 61 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 138 балл, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 260 талапкер қатысқан.
Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер бойынша апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады.
ҰБТ-ны өткізудің екі аптасында 173 ереже бұзушылық анықталды. 108 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 65 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамдардың орнына кіру фактілері анықталған жоқ.
2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелері жойылады.
Тестілеуге қатысуға 187 мыңға жуық өтініш келіп түсті.