Астанадағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа спорттық киім мен аяқ киім өндірушісі – америкалық New Balance Athletics, Inc. ("Нью Бэланс") компаниясы жүгінді.
Фото:depositphotos.com/ info.cineberg.com
ERNUR.KZ. Америкалық тарап тауар таңбасын заңсыз пайдалану бойынша өтемақы өндіру туралы талап-арыз берген, деп жазады tengrinews.kz.
Сот мәліметінше, тараптар сотта медиациялық келісімге келген.
"Қол қойылған келісімге сәйкес, жауапкер 200 000 теңге көлемінде өтемақы төлеуге және талапкер New Balance-тің тауар таңбасы бейнеленген тауарларды жоюға міндеттенді", – деді сот өкілдері.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енді, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
