Халимназаровтың айтуынша, әр адамның ағзасы қан жоғалтуға әртүрлі деңгейде төтеп бере алады.
ERNUR.KZ. Тәуелсіз сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты жасалған сараптама қорытындысына байланысты өз көзқарасын білдірді, деп жазады baq.kz.
Сот отырысы барысында жәбірленуші тараптың адвокаттары сарапшыдан: «Шерзаттың өмірін сақтап қалу мүмкін бе еді?» деген сауал қойды.
Халимназаровтың айтуынша, әр адамның ағзасы қан жоғалтуға әртүрлі деңгейде төтеп бере алады. Оның мәліметінше, марқұмның кеуде қуысында 1,5 литрге жуық қан жиналған.
Бұл өте көп мөлшер. Әдетте, адам 500–600 миллилитр қан жоғалтқаннан кейін жағдайы күрт нашарлайды. Ал мұнда 1,5 литрге дейін жеткен. Егер алғашқы медициналық көмек қан көлемі 1 литрден аспай тұрған кезде көрсетілсе, аман алып қалуға болар еді. Бұл - тәжірибеге негізделген қорытынды, - деді сарапшы.