28 қаңтарда алтынның биржалық құны тарихта алғаш рет бір трой унциясы үшін 5,2 мың доллар межесінен асты.
Фото: azertag.az
ERNUR.KZ. Сауда деректеріне сәйкес, алтын мен күміс бағасы тарихтағы ең жоғары деңгейге жетті, деп жазады stan.kz.
29 қаңтар таңғы сағат 08:20-дағы жағдай бойынша Нью-Йорктегі Comex биржасында алтынның сәуір айына арналған фьючерсінің бағасы алдыңғымен салыстырғанда 4% немесе 212,4 долларға өсті. Ал бір трой унциясы 5 516 доллар болды. Сауда барысында алтын бағасы бір унция үшін 5 584,3 долларға дейін көтеріліп, тарихи рекорд орнатты.
Айта кетейік, 28 қаңтарда алтынның биржалық құны тарихта алғаш рет бір трой унциясы үшін 5,2 мың доллар межесінен асты. Осы уақытта күмістің бағасы да 4% қымбаттап, бір унциясы үшін 118,08 долларға жетті. Бірнеше күн бұрын бағалар 109,32 долларға өскен еді.
Қазақстан Ұлттық банкі дерегіне сәйкес, 28 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 1 грамм алтынның бағасы 82 164,45 теңге болды. Жыл басынан бері алтын бағасы 10 864,24 теңгеге өскен.


