Алматылық жасөспірімнің асқазанынан 1,5 келі шаш шықты

0
304

Әлсіздік сезінген мектеп оқушысына шұғыл ота жасалды.


Алматылық жасөспірімнің асқазанынан 1,5 келі шаш шықты

Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Алматыда дәрігерлер 14 жастағы қыздың асқазанынан бір жарым келі шаш алып шықты. Жасөспірімнің іші ауырып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп жазады Stan.kz.

Әлсіздік сезінген мектеп оқушысына шұғыл ота жасалды.

Қыздың асқазанының көп бөлігінде және аш ішегінде шаш жиналып қалған. Салдарынан ойық жара пайда болып, перитонит туындады.

Дәрігерлердің айтуынша, мұндай патология шашты ұзақ уақыт жұтқаннан кейін пайда болады. Әдетте, бұл психоэмоциялық бұзылысқа байланысты. Қазір жасөспірім үйде дәрігерлер мен психологтардың бақылауында. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланды.