1986 жылы туған Жақышева Назым Түсіпбайқызы 13 шілдеде жоғалып кеткен.
instagram/eriktiler_almaty_lider.kz
ERNUR.KZ. Алматыда еріктілер екі аптадан бері жоғалып кеткен әйелді таба алмай жатыр. Ол туралы бағыт-бағдар LIDER.KZ-тің Instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.
1986 жылы туған Жақышева Назым Түсіпбайқызы 13 шілдеде жоғалып кеткен. Күндізгі сағат 13:30 шамасында әйел Қызылорда қаласындағы үйінен шығып кеткен. Келесі күні таң ертемен ол Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Әшімов көшесінде байқалған.
Белгілері: бойы - 165 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, ұзын.
Үстіне ұзын жеңді қызғылт кофта, қара жейде, көк шалбар және қара балетка киген. Күннен қорғайтын көзілдірік таққан.


