Таулы ауру – биіктікке көтерілген кезде оттегінің жетіспеуінен (биіктік гипоксиясы) және атмосфералық қысымның төмендеуінен туындайтын ауырсынатын жағдай.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Көмек көрсету үшін оқиға орнына ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары жіберілді. Құтқарушылар жасөспірімді маршрутта қарсы алып, оның жағдайын бағалады және тау соқпағымен төмен қарай алып түсті.
Зардап шеккен адамды одан әрі медициналық тексеруден өткізу және қажетті көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсырды.
Таулы ауру – биіктікке көтерілген кезде оттегінің жетіспеуінен (биіктік гипоксиясы) және атмосфералық қысымның төмендеуінен туындайтын ауырсынатын жағдай. Әдетте ол 2 500 метрден жоғары биіктікте пайда болады.
Негізгі белгілері:
- Қатты бас ауруы және бас айналу
- Жүрек айну, құсу және тәбеттің жоғалуы
- Аз ғана күш түскенде ентігу және жүрек соғуының жиілеуі
- Жалпы әлсіздік, тез шаршау және ұйқының бұзылуы.


