Алматыдағы ірі жол апаты: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

0
144

Кеше Алматыдағы Боралдай тас жолында жүк көлігі, автобус және бірнеше жеңіл автокөлік қатысқан ірі жол-көлік оқиғасы болған еді.


Алматыдағы ірі жол апаты: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Кеше кешкісін Алатау ауданында болған жаппай жол апатынан кейін 23 адамның қандай медициналық мекемелерге жеткізілгенін және олардың қазіргі жағдайы белгілі болды, деп жазады baq.kz.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы апат салдарынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайын айтты.

Төрт бала №2 балалар ауруханасына, ал жеті ересек адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Қаралғаннан және тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, барлығы амбулаториялық емдеуге жіберілді, – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Сондай-ақ, қалған 12 адам Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілген.

Барлық зардап шеккендер дәрігерлердің тексеруінен өтті, содан кейін тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаториялық ем алуға жіберілді. Пациенттердің жағдайы орташа ауыр және қанағаттанарлық деп бағаланды, – деп хабарлады ауруханада.

Еске салайық, кеше Алматыдағы Боралдай тас жолында жүк көлігі, автобус және бірнеше жеңіл автокөлік қатысқан ірі жол-көлік оқиғасы болғанын жазған едік.